Отбасы күні

 

Отбасы-бұл махаббаттың, құрметтің, адам өмір сүре алмайтын барлық нәрсенің сарқылмас көзі. Отбасы-бұл адам үшін ең қымбат нәрсе. Отбасында, жақын адамдарымен қарым-қатынаста біз өз күшімізді аламыз. Отбасы күні қарсаңында мектепте "Отбасы бар екендігі қаншалықты жақсы" атты сынып сағаттары өтті, онда отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, ересектер мен балалардың махаббаты туралы айтылды. Әр сынып " Отбасы-бақытты жаз! атты отбасылық фотоколлаж жасады. Мектеп кітапханасында "Баға жетпес жәдігерлер" атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды және " Менің отбасым!" сурет көрмесі онлайн форматта өтті, суреттер арқылы балалар өз отбасыларын бейнеледі. Отбасы күнімен құттықтай отырып, біз, әрине, туған мектебіміз туралы ұмытқан жоқпыз өйткені, біздің мектеп-бұл үлкен отбасы, онда барлығы бір-бірін жақсы көреді және қамқорлық жасайды, әр баланың жетістіктеріне үлес қосып шын жүректен қуанады. Әрине, бұл ең бастысы!

 
" Балаларға бірге көмектесейік!»

 

 

Дәстүрге айналған "Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда. Биыл ол " Балаларға бірге көмектесейік!» атты айдармен өткізілуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Екібастұз қаласы бас имамына Матаев Дулат Қабиденұлына және " Зекет "қорының өкілі Макимов Шыңғыс Тұрсынұлына оқу құралдары түрінде демеушілік көрсеткен үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жасаған ниеттеріңіз қабыл болып, отбастарыңызға денсаулық, амандық, бақыт тілейміз. Алла разы болсын!

 

 
Құрметті ата-аналар!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» ҚБ арасында жасалған келісім аясында www.atamekenim.kz порталында «Мектепке жол» платформасы жұмыс істейді, онда материалдық көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алады. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар осы портал арқылы ақшалай қаражатты онлайн аудару арқылы материалдық көмек көрсете алады. «Мектепке жол»  платформасы – бұл сұраныстарға тез жауап беруге, ақша қаражатының онлайн түсуін қадағалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы жүйе. Бұл платформа жыл бойы жұмыс істейді. Демеушілер, әлеуметтік серіктестер білім беру органдары мен ұйымдары арқылы дәстүрлі түрде көмек көрсете алады.

Көбірек оқу...
 
Жалпыұлттық аза тұту күні

 

Ел президенті Қасым-Жомарт Токаев 29 тамызды Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы адам өліміне әкеп соққан жарылыстарға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 
Құрметті ата - аналар!

 

 

Сіздердің назарларыңызға ғимарат корпустарына кіру Ashyq бағдарламасындағы мәртебені тексеру арқылы жүзеге асырылатындығын жеткіземіз. Мәртебені тексеру үшін QR кодын сканерлеп, вахтерге көрсету керек. Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

 


Страница 1 из 71