Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
« Грамматикада қонақта»

2017 жылдың 13-17 наурыз аралығында № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінде гуманитарлық циклдың апталығы өтті.

Мұғалім  Ш.Ж. Аралбаева 6 «Б» сыныбында орыс тілінен «Зима в лесу» тақырыбы бойынша сабақ өткізді . Сабақ саяхат түрінде өтті.Балалар Зимушка-Зима патшалығына қонаққа барды.Жолда  қыс патшалығының тұрғындары кездесті.Сабақта деформацияланған мәтінмен жұмыс жасады.Балалар сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтар мен ребустарды шешіп, сабаққа белсенді қатысты.

Н.Б.Галиева 7-8 «Б» сыныптарына  орыс  тілінен сабақ  өткізді.Оқушылар теңіз әуенің тыңдап,  «Етістік» еліндегі  «Морфология» атты  ғажайып аралға «Білім» теңізімен сапарға шықты.Осы елде «Етістік.Жалпылау» тақырыбы бойынша өздерінің білімдерін тексерді және бекітті. Оқушылар  «Заморочки из бочки», «Блиц-опрос»  сияқты әртүрлі тапсырмаларды орындап, «Футбол»  ойнады. Мақалдарды құрастырып , фразеологизмдермен жұмыс істеді.Балалар сабаққа белсенді қатысты.

Л.А.Жумабекова 9 «Б» сыныбында оқу мен тіл дамыту пәнінен  сабақ өткізді.Балалар «М.Шолоховтың Адам тағдыры» тақырыбын қарастырды.Балалар сабақта «М.Шолоховтың өмірі мен шығармашылығы» презентациясын  қарады.Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер жинады. С.Бондарчуктың «Адам тағдыры»  әңгімесінен үзінділер оқып,басты киіпкерге деген режиссердің көзқарасы мен автордың қарым қатынасын   салыстырды.Соғыс жылдарының әуенің тыңдады.Музыкалық үзіліс біртіндеп  ақындық үзіліске көшті.Оқушылар Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер оқыды.Сабақ эмоционалдық күйде өтті.

Көбірек оқу...
 
«Көктем мен әйел ынтымағы мықты».

7- наурыз  күні №19  арнайы жалпы білім беру мектебінде 5-9 сыныптар арасында 8- наурыз халықаралық әйелдеркүніне арналғaн «Көктем  мен әйел ынтымағы мықты» атты іс-шара өтті.

Көбірек оқу...
 
«Логопедиялық қонақжай»

Білім беру басқармасының бастамасымен  2017 жылғы  10 наурызында  Екібастұз қаласындағы № 19  арнайы жалпы білім беретін мектептің акті залында  «Логопедиялық қонақжай» акциясы  өткізілді.Сөйлеу дамуы тежелген балаларға ерте түзету көмегін көрсету мақсатында бұл қонақжайға жетекші мамандар - логопедтер, психологтар, арнайы мекеме дефектологтары шақырылды.

Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу дамуының тежелуі өзекті мәселе болсада, шешімі табылуда. Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балаларды уақытында анықтау-бұл  бұзылуды ерте түзету және болашақта алдын алу алғышарты. Аталған акцияда сөйлеу қабілеті бұзылған 51 бала логопед, невропатолог, психологилық- медициналық- педагогикалық кеңес беру және психологилық- педагогикалық түзету кабинеті мамандарының тегін кеңесін алды. Ата-аналар  өз балаларына көмек көрсету жөніндегі ұсынымдарымен  танысты. Барлық келген  ата-аналар оларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алып, акция жайлы, достық жағдайда өтті.

Көбірек оқу...
 
Жеңіспен, алға!

2017 жылғы 14 наурыздаЕкібастұз қаласының «Шахмат клубында» наурыз мерекесіне орай «Наурыз-Мейрамы – 2017»  атты мүмкіндігі шектеулі балалар  арасында дойбыдан қалалық  турнир өтті.  Жалпы турнирге Екібастұз қаласының  № 19 арнайы жалпы білім беретін мектебінен 20 оқушы қатысты. Қатысушылар мықты жеңістер тілеп бір-бірімен қол алысып,  жарысты бастап кетті.

Көбірек оқу...
 
«Шын жүректен»

Екібастұз қаласындағы № 19 арнайы білім беру мектебінде  Алғыс күніне арналған қорытынды іс-шаралар өтті. Апта бойы балалар бір-біріне және айналасына өздерінің жүрек жылуын ,сүйіспеншілігін сыйлады. 3 наурыз күні «Шын жүректен» атты шығармашылық байқаудың қорытындысы болды. Осы байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты.«Шын жүректен» байқауының демеушісі «Шығыс» АҚ «ЕЭК» кәсіподағы мен әкімшілігі болды. Балалар панно жасау барысында әр түрлі әдістер мен заттарды қолданды. Олар:тұзда қамыр,жарма, квилинг,биссер,киіз,сәндік сылақ т.б. Оқушылар панноны қалай жасағандары туралы репортаж дайындады.Жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды.  1 орын-5 «А»,7 «Б», 8 «Б» сыныптары.  2 орын -7 «А», 4 «Б» сыныптары.  3 орын -5 «Б» ,8 «А», 9 «А» сыныптары.

Көбірек оқу...
 


Страница 47 из 54