«Шын жүректен»

Екібастұз қаласындағы № 19 арнайы білім беру мектебінде  Алғыс күніне арналған қорытынды іс-шаралар өтті. Апта бойы балалар бір-біріне және айналасына өздерінің жүрек жылуын ,сүйіспеншілігін сыйлады. 3 наурыз күні «Шын жүректен» атты шығармашылық байқаудың қорытындысы болды. Осы байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты.«Шын жүректен» байқауының демеушісі «Шығыс» АҚ «ЕЭК» кәсіподағы мен әкімшілігі болды. Балалар панно жасау барысында әр түрлі әдістер мен заттарды қолданды. Олар:тұзда қамыр,жарма, квилинг,биссер,киіз,сәндік сылақ т.б. Оқушылар панноны қалай жасағандары туралы репортаж дайындады.Жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды.  1 орын-5 «А»,7 «Б», 8 «Б» сыныптары.  2 орын -7 «А», 4 «Б» сыныптары.  3 орын -5 «Б» ,8 «А», 9 «А» сыныптары.

Көбірек оқу...
 
"Күш, сұлулық пен грация"

2017 жылдың 27 ақпанынан 03 наурызы аралығында мәдени бағыттағы пәндер апталығы өтті. Апталықтың ашылуы 1-9 сынып оқушыларының  балалар көркем-сурет мектебіндегі "Қысқы қиял-2017" шығармашылық байқауының   көрме  жұмыстарына  экскурсия жасаудан  басталды. Балалар  БКМ оқушыларының жұмыстарын тамашалап қана қоймай, шеберханаларға барып, көркемөнер мектебінің  мақтанышымен  және оның жетістіктерімен  танысып қайтты . Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі СарбасоваУ.А. 3 "Б" сыныпта "Спорттық ойындар. Баскетбол" атты ашық сабақ өткізді. Балалар  допты тіке, оң және сол қолмен лақтырумен  танысты. Балалар "Доп капитанға", "Доп жетекшіге "Кім жылдам" ойындарына қуана-қуана кірісіп кетті . Сабақ жақсы деңгейде өтті . 4 "Б" сыныбында музыка және ән күй сабағынан "Э. Григ музыкасы» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді. Музыка мұғалімі  Криворучко О.В. оқушыларды норвегиялық композитор шығармашылығымен  таныстырыды.

Көбірек оқу...
 
«Алтын қақпа»

2016 жылдың 6 ақпанынан 10 ақпаны аралығында жаратылыстану – математикалық цикл апталығы өтті.  Жоспар бойынша  2 ашық сабақ және 2 сыныптан тыс іс-шаралар  жүргізілді .Мұғалімдер  А.Т. Сапарғалиева мен  С.А. Темирбулатова  9 «б» сыныпта математика және информатика пәндерінен  " ЭТ Excel бағдарламасы  арқылы практикалық мазмұнды есептер шығару" тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақта карточка – тапсырмалар, дербес компьютер, ЭТ Excel, слайдтар қолданылды. Оқушылар есептеу үшін, өмірмен тікелей байланысы бар коммуналдық қызметтер есептеулерін жүзеге асырды.

8 "а" сыныпта  жаратылыстанудан  Тулегенова Н.Қ. «Қоянтәрізділер»  атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап бере алды, омыртқалы жануарлар, сүтқоректілер класы жөніндегі білімдерін еске түсіріп, отрядтарды бір-бірімен салыстыра білді, қоянтәрізділерге жататын жануарлармен  танысты, үй қояны мен дала қояндарының айырмашылықтарын  айта білді. "Не артық", "Дұрыс па, бұрыс па", "Кім жылдам",  ойындары  кезінде оқушылар белсене қатысты. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында слайдтармен жұмыс жасалды. Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті.

Көбірек оқу...
 
«Арнайы жалпы білім беру мектебіндегі логопедиялық жұмыс ерекшеліктері "

2017 жылғы 2 наурыз күні № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтармен семинар өткізілді. Семинарға 30 педагог қатысты. «Арнайы жалпы білім беру мектебіндегі логопедиялық жұмыс ерекшеліктері " тақырыбын қарастыра отырып, логопед мұғалімі Алимкулова Б.Ш. сөйлеу және жүйелі сипаттауды бұзушылықтар, яғни фонетикалық-фонематикалық жағына сөйлеуді қозғайтын (дыбыстың айтылуын, дыбыстың айырмашылығын); сөздің лексика-грамматикалық жағы (сөздік қоры, сөйлеу байланысы, монологиялық, диалогиялық, фразалық; грамматикалық құрылымы) туралы айтып берді.

Көбірек оқу...
 
Әркім оз биіктігін алды.

2017 ж. 3 ақпан күні Екібастұз қаласындағы №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде дәстүрлі түрде биіктікке секіруден Екібастұз  қаласының 60-жылдығына орай жарыс өтті.Жарысқа барлығы 19 оқушы қатысты. Жеңімпаз ең биікке секірген оқушыға тиесілі болды.

Көбірек оқу...
 


Страница 54 из 60