Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Жақсылық жаса»

Біздің мектептің оқушылары, ата-аналары мен педагогтары үшін "ЭКОboom" облыстық жобасының "Жақсылық жаса!" экологиялық акциясына қатысуы маңызды оқиға болды. Біз желтоқсан айынан бастап барлығымыз бірге пластикалық қақпақтарды жинадық, енді сенімдіміз, әрқайсымыз үлкен игі іске өз үлесімізді қосқанымызға! Өйткені, түскен қаражат ауыр науқас балаларға және басқа да көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жұмсалады. Акция нәтижесі бойынша мектепте 13654 дана, жалпы салмағы 33,8 кг қақпақ жиналып, кімнің қанша жинағаны бойынша орындар берілді: 1 орынды сыныптар арасында 3 "Б" сынып (сынып жетекшісі Ж. К. Мұхамеджанова) – 2079 қақпақ, 2 орынды – 6 "А" сынып (сынып жетекшісі Н. Қ.Тулегенова) – 1775 қақпақ, 3 орын-2 " Б "сынып (сынып жетекшісі Б. М. Жүндубаева) - 1116 қақпақ. Жақсылықты бөлісу - қиын емес.

Көбірек оқу...
 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің ұжымы, қаламыздың барлық мекемелері секілді, жалпықалалық сенбілікке шықты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші әп-сәтте қаншама шаруаны еңсеріп тастағанын ұстаздарымыздың өздері де байқамай қалды. Мұндай шара тек тазалық сақтауға ғана септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар ұжым мүшелерін біріктіреді деп санаймыз.

Көбірек оқу...
 
флешмоб с танцем «Қара жорға».

Встречая Наурыз мейрамы, ребята вместе с педагогами нашей школы, гостями из национального культурного центра «Атамұра» поддержали областную акцию, основной задумкой которой стал флешмоб с танцем «Қара жорға». Каждый класс старался передать зажигательный ритм танца и радостные эмоции. Ведь «Қара жорға» один из наиболее популярных казахских танцев, в нем соединились воинственность и скоморошество, мягкая колыбельность и мобильность, быстрота и спокойная грациозность. С 2009 года по решению ООН «Қара жорға» признан национальным танцем казахов. Уже и врачами не раз доказано, что этот танец оказывает профилактическое и лечебное воздействие. Его можно танцевать вместо утренней зарядки. Присоединяйтесь к нам!

Көбірек оқу...
 
"Жұлдызай-2019»

5 сәуірде Павлодар қаласында XIV Халықаралық "Жұлдызай" фестивалінің іріктеу кезеңі басталып, ол ерекше қажеттіліктері бар көптеген талантты балаларды жинады.. Бүгін барлығы сиқырлы балалардың шығармашылығынан ләззат алды. Біздің мектептің би тобы көрермендерге "Қырандар" және "Гусарлар"билерін сыйлады. Айтқұлов Назымбек "Тек қана алға" және "Ариайдай" әндерін орындағанда көрермендер ду қол шапалақтан зал жаңғырықты, ал Жигеров Нұрқанат «Нарисуй» әнін орындады. Бүгін өз күшіне сенген әрбір бала - жеңімпаз, өйткені "Жұлдызай" - жеңіске үйретеді! Іріктеу турының нәтижесінде би тобы "Хореография"номинациясы бойынша 3 орынға ие болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көмек қлын созған, әдемі және креативті билері үшін қосымша білім беру педагогы Е. Н. Симоноваға, мектеп педагогтары: К. А. Жақыпбековаға және О. В. Криворучкоға вокалистер дайындағаны үшін, әдемі және сапалы костюмдері үшін Р. Т. Болтабаеваға, М. Л. Давыдоваға, А. К. Жакияноваға, ата-ана Л. Г. Гасенченкоға, "МАИС" ЖШС директоры С. В. Войцицкийге жайлы автобус үшін алғысымды білдіргім келеді! «Бес бармақ жиналса — жұдырық» деп, біз үшін қатты алаңдап, күйзелгендеріңіз үшін барлықтарыңызға үлкен рахмет! Фестиваль соңында "Жұлдызай" фестивалінің барлық қатысушыларына сертификаттар мен жұмсақ ойыншықтар табыс етілді.

Көбірек оқу...
 
«Күлімде, Наурыз күлімде»

20 наурыз күні №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде шығыс халқының Жыл басы-Наурыз тойын мектеп оқушыларымен бірге мұғалімдер мен ата-аналар ,қонақтар жиналып,бір кісідей өткізді.Бұл күні сахна төрінде балалар мен қонақтар әсем әндер айтып ,мың бұралған билер билеп, ұлттық ойындардан жарысқа түсті.Жыл сайын «Шығыс» кенішінің өкілдері мерекемізге келіп , тойымыздың құрметті қонақтары болады.Осы жылы да бізге келіп ,музыкалық сыйлықтарын сыйлады.Тәуелсiздігімізбен қайта оралған Наурыз мейрамы бiрлiгiмiз бен татулығымыздың, салт-дәстүрiмiздiң, тiлiмiз бен дiнiмiздiң дамуына себепшi ұлы мерекеге айналды. Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, қазақ дастарқанымыз жайылып, ақ тiлектер айтылды. Бақ пен дәулеттің мерекесi — Наурыз мейрамы әр отбасына амандық-саулық сыйласын!

Көбірек оқу...
 


Страница 7 из 44