Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
  • img-20190531-wa0015.jpg
"Жасыл орман және орман ғажайыптары туралы" экологиялық ассорти.

25 қаңтарда №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің 5-7 сынып оқушылары үшін " Жасыл орман және орман ғажайыптары туралы" экологиялық ассорти өткізілді. Осы іс-шараны Екібастұз қаласының №4 қалалық кітапханасының қызметкерлері Т. Р. Жүнісова мен О. И. Ерушева өткізді, олар тірі және жансыз табиғат туралы, құстар туралы, жыл мезгілдері туралы жеткілікті түрде түсіндіре айтып, үй жануарлары туралы "Жануарларды ата" деген жұмбақтар жасырды, содан кейін балалар жәндіктер мен құстарды, жануарларды бейнелері бойынша анықтады.

Көбірек оқу...
 
«Қысқы қиял-2019»

Он үшінші рет Екібастұзда "Қысқы қиял" атты балалардың бейнелеу шығармашылығының аймақтық конкурсы өтіп, оған Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің 9 оқушысы бейнелеу өнері пәні мұғалімдері Шегебаев Мұрат Салықұлымен, Омарова Айсұлу Қайнарқызы басшылығымен қатысты.

Көбірек оқу...
 
"Жастар жылы"

23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен "Жастар жылының" салтанатты ашылуының тікелей көрсетілімі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны бізге белгілі. Біздің облыста да оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кірісіп кетті. Оны жас ұрпақ өкілдерінің мүдделерін ескере отырып құрайды. Ел Президентінің бастамасы арқасында 2019 жылы жас қазақстандықтар үшін жеке басының өсуі, өз халқы мен туған елінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Және әркім Мемлекет басшысының бастамасын іске асыруға, ең алдымен өзі үшін гүлденген, қазіргі заманғы, мықты мемлекеттің азаматы болу үшін қатысуға тиіс. Енді жастардың өздерін жүзеге асыратын уақыты келді!

 
«Ертегідегі калейдоскоп»

Кішкентай кезімізден бастап ертегілерді естіп келеміз. Ертегі әрдайым бізбен бірге болады. Ертегіні жас та кәрі де жақсы көреді. Ертегілерді тыңдап және оқып, біз ғажайыптар орын алатын сиқырлы әлемге тап боламыз. №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде 5-9 сынып оқушылары арасында «Ертегідегі калейдоскоп» атты сабақтан тыс іс-шарасы өтті. Балалар екі топқа бөлінді: «Сказочники» мен «Волшебники». Балалар барлық сұрақтапға жауап беріп, ертегілер туралы тамаша білімдерін көрсетті. Іс шаранын сонында «Театр әліпбиі» қатысушылары көрермендерді танқалдырған керемет «Жыл басына таласқан хайуандар» ертегі бойынша көрініс қойды.

Көбірек оқу...
 
«Құстарға қамқорлық» экологиялық акциясы

Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып жаураған құстар адамдарға жақын келіп , көмек күтеді. Балалар сынып сағатында құстардың суреттерімен танысып, суреттерін бояп,сөзжұмбақ шешу арқылы қыстайтың құстар туралы көп қызық мәлімет алды.Оларға қалай көмек көрсету,қандай жем беру туралы мәліметтерімен танысып, құстарға көрсететін көмегіміз жемшашар болсын деген ойға келді.Ұзаққа созбай жемшашар жасап, мектеп ауласында алма ағашын таңдап, жемшашарымызды орнаттық.Алысқа кетпей турып, жемшашарға сарышымшық отырғанын көрдік, оны суретке түсірдік. Балалар жемшашарға құстар бірден отырғанына қатты қуанды.Осылай біз «Құстарға қамқорлық» экологиялық акциясына өз үлесімізді қостық.

Көбірек оқу...
 


Страница 8 из 41