Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
  • img-20190531-wa0015.jpg
Құстар – біздің досымыз

Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау – табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты.

Көбірек оқу...
 
"Құстарға қамқорлық".

Екібастұз қаласының № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінің 8 "Б" сыныбында "Құстарға қамқорлық" атты экологиялық акциясы негізінде сынып сағаты өтті. Оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беріліп, қыстап қалатын құстардың атауларын қайталап,оларға қандай жем беруге болатынын естеріне түсіріп, қыста құстарға қамқорлық жасау керектігі туралы айтылды. Регина Буховцева М.Глазковтың «Поделитесь с птицами едой!» атты тақпағын оқып берді. Соңында оқушылар, еңбек сабағында жасаған жемшашарын ағашқа іліп, олар бос болмайды деген уәде берді.

Көбірек оқу...
 
«Аяз ата ойыншықтары»

14 қаңтарда Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде 20 желтоқсан мен 28 желтоқсан аралығында өткен "Аяз ата ойыншықтары" байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Әр сынып байқауға белсене қатысты. Әрбір ойыншық өзінің басқа түпнұсқасымен, бірегейлігімен және оны дайындаудағы ерекше тәсілімен ерекшеленді. Әрине, дүкендер шыршаға арналған ең жарқын, ерекше әшекейленген ойыншықтарға толы, бірақ өз қолдарымен жасалған шырша ойыншықтары балалар жылуының бір бөлігін алып, мектепте мүлдем қайталанбас сиқырлы атмосфера жасады.

Көбірек оқу...
 
«Құстарға арналған кафе»

Құстар суық қыстан аман шығу үшін №19 АЖББ 3 «Б» оқушылары «Құстарға арналған кафе» экологиялық акциясына белсене атсалысты және ата-аналарымен құстарды тамақтандырды. Осы акцияның арқасында біз өзіміздің туған жеріміздегі құстардың санын сақтап, қатал қыс мезгілінде қанатты достарымыздың өмірін жеңілдетудеміз. Мұғалімдер мен ата-аналардың арқасында балалар мейірімді, қамқорлы жан болуға, көмекті қажет ететін жандарға көмек қолын созуға үйренеді.

Көбірек оқу...
 
"Құстарға қамқорлық".

16 қаңтарда Екібастұз қаласының № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінде 6 "а" сыныбында "Құстарға қамқорлық" атты экологиялық акциясы негізінде сынып сағаты өтті. Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ықыласын көпке аян еткен. Олар өз ортасында шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға, төгілетін ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды аққуға теңеген.

Көбірек оқу...
 


Страница 9 из 41