2017 жылғы 14 наурыздаЕкібастұз қаласының «Шахмат клубында» наурыз мерекесіне орай «Наурыз-Мейрамы – 2017» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан қалалық турнир өтті. Жалпы турнирге Екібастұз қаласының № 19 арнайы жалпы білім беретін мектебінен 20 оқушы қатысты. Қатысушылар мықты жеңістер тілеп бір-бірімен қол алысып, жарысты бастап кетті.

|
Көбірек оқу...
|
|
Білім беру басқармасының бастамасымен 2017 жылғы 10 наурызында Екібастұз қаласындағы № 19 арнайы жалпы білім беретін мектептің акті залында «Логопедиялық қонақжай» акциясы өткізілді.Сөйлеу дамуы тежелген балаларға ерте түзету көмегін көрсету мақсатында бұл қонақжайға жетекші мамандар - логопедтер, психологтар, арнайы мекеме дефектологтары шақырылды.
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу дамуының тежелуі өзекті мәселе болсада, шешімі табылуда. Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балаларды уақытында анықтау-бұл бұзылуды ерте түзету және болашақта алдын алу алғышарты. Аталған акцияда сөйлеу қабілеті бұзылған 51 бала логопед, невропатолог, психологилық- медициналық- педагогикалық кеңес беру және психологилық- педагогикалық түзету кабинеті мамандарының тегін кеңесін алды. Ата-аналар өз балаларына көмек көрсету жөніндегі ұсынымдарымен танысты. Барлық келген ата-аналар оларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алып, акция жайлы, достық жағдайда өтті.
|
Көбірек оқу...
|
2017 жылдың 27 ақпанынан 03 наурызы аралығында мәдени бағыттағы пәндер апталығы өтті. Апталықтың ашылуы 1-9 сынып оқушыларының балалар көркем-сурет мектебіндегі "Қысқы қиял-2017" шығармашылық байқауының көрме жұмыстарына экскурсия жасаудан басталды. Балалар БКМ оқушыларының жұмыстарын тамашалап қана қоймай, шеберханаларға барып, көркемөнер мектебінің мақтанышымен және оның жетістіктерімен танысып қайтты . Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі СарбасоваУ.А. 3 "Б" сыныпта "Спорттық ойындар. Баскетбол" атты ашық сабақ өткізді. Балалар допты тіке, оң және сол қолмен лақтырумен танысты. Балалар "Доп капитанға", "Доп жетекшіге "Кім жылдам" ойындарына қуана-қуана кірісіп кетті . Сабақ жақсы деңгейде өтті . 4 "Б" сыныбында музыка және ән күй сабағынан "Э. Григ музыкасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Музыка мұғалімі Криворучко О.В. оқушыларды норвегиялық композитор шығармашылығымен таныстырыды.
|
Көбірек оқу...
|
|
Екібастұз қаласындағы № 19 арнайы білім беру мектебінде Алғыс күніне арналған қорытынды іс-шаралар өтті. Апта бойы балалар бір-біріне және айналасына өздерінің жүрек жылуын ,сүйіспеншілігін сыйлады. 3 наурыз күні «Шын жүректен» атты шығармашылық байқаудың қорытындысы болды. Осы байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты.«Шын жүректен» байқауының демеушісі «Шығыс» АҚ «ЕЭК» кәсіподағы мен әкімшілігі болды. Балалар панно жасау барысында әр түрлі әдістер мен заттарды қолданды. Олар:тұзда қамыр,жарма, квилинг,биссер,киіз,сәндік сылақ т.б. Оқушылар панноны қалай жасағандары туралы репортаж дайындады.Жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды. 1 орын-5 «А»,7 «Б», 8 «Б» сыныптары. 2 орын -7 «А», 4 «Б» сыныптары. 3 орын -5 «Б» ,8 «А», 9 «А» сыныптары.
|
Көбірек оқу...
|
2017 жылғы 2 наурыз күні № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтармен семинар өткізілді. Семинарға 30 педагог қатысты. «Арнайы жалпы білім беру мектебіндегі логопедиялық жұмыс ерекшеліктері " тақырыбын қарастыра отырып, логопед мұғалімі Алимкулова Б.Ш. сөйлеу және жүйелі сипаттауды бұзушылықтар, яғни фонетикалық-фонематикалық жағына сөйлеуді қозғайтын (дыбыстың айтылуын, дыбыстың айырмашылығын); сөздің лексика-грамматикалық жағы (сөздік қоры, сөйлеу байланысы, монологиялық, диалогиялық, фразалық; грамматикалық құрылымы) туралы айтып берді.
|
Көбірек оқу...
|
|
|
|
|
Страница 83 из 89 |