Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Жасыл орман және орман ғажайыптары туралы" экологиялық ассорти.

25 қаңтарда №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің 5-7 сынып оқушылары үшін " Жасыл орман және орман ғажайыптары туралы" экологиялық ассорти өткізілді. Осы іс-шараны Екібастұз қаласының №4 қалалық кітапханасының қызметкерлері Т. Р. Жүнісова мен О. И. Ерушева өткізді, олар тірі және жансыз табиғат туралы, құстар туралы, жыл мезгілдері туралы жеткілікті түрде түсіндіре айтып, үй жануарлары туралы "Жануарларды ата" деген жұмбақтар жасырды, содан кейін балалар жәндіктер мен құстарды, жануарларды бейнелері бойынша анықтады.

Кітапханашы Т. Р. Жунусова Балаларға "Күн мен ай"ертегісін оқып, "Қарға және торғай", "Қоянды сәбізбен қоректендір", "Аңдар" атты қозғалмалы ойындары оқушыларды жақсы энергиямен қуаттады. Ал Қонжық туралы мультфильмді көру барлығына көңіл-күй сыйлады.Осындай іс-шаралар тірі табиғат туралы ілімді, айналамыздағы әлем туралы білімді бекітеді, шығармашылық әлеуетін дамытады, жануарларға , құстарға деген махаббатты, оларға ұқыпты қарауға тәрбиелейді, сондай-ақ оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықты қолдайды.