Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Гуманитарлық циклдің декадасы

14-25 қантар арлығында Екібастұз қаласындағы №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде гуманитарлық циклдің декадасы өтті.Декаданың мақсаттары мұғалімдердің шеберліктерін арттыру,ашық сабақтар мен іс-шараларды өткізу,оқушыларды өздік шығармашылық жұмыстарына қатыстыру.

Мұғалімдердің сабақтары жоғары әдістемелік деңгейде өтті.Сабақтардың құрлымы мен мазмұны дамыта оқыту принциптеріне сай болды. Мұғалімдер оқушыларға материалды жоғары деңгейде және женіл түрде түсіндіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданды. Сабақтан тыс іс-шараларға мұғалімдер бар ықыласымен кірісті. Мұғалімдер А.А.Сыздыкова, А.К. Жакиянова мен М.С.Ашкен «Ойна да ойла» атты сайысқа арналған тапсырмаларды балалардың жас ерекшіліктеріне және ойлау деңгейіне сай құрастырды.Тапсырмалар презентация түрінде ұсынылып,балалардың қызығушылығын арттыра түсті. «Сказочный калейдоскоп» іс-шарасын ұйымдастыру барысында мұғалімдер Ш.Ж. Аралбаева,Н.Б.Галиева және Л.А.Жумабекова балалардың арасында ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыра алды. Іс- шаранын сонында «Театр әліпбиі» қатысушылары көрермендерді танқалдырған керемет «Жыл басына таласқан хайуандар» ертегі бойынша көрініс қойды. Балалар ертегі кейіпкерлердің ойынына қызыға назар аударды. Декада балаларға, мұғалімдерге өз шеберлігін көрсетуге жақсы мүмкіндік берді.