Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Құстарға арналған кафе» экологиялық акциясының қорытындысы.

«ЭКОboom» облыстық жобасы аясында Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушылары, ата-аналары және педагогтары "Құстарға арналған кафе"экологиялық акциясына белсенді қатысты. Балалар акция барысында жақсы іс жасағанын түсініп, жылдың ең қиын уақытында құстарды аман сақтап қалуға көмектесті.

Ата-аналарымен бірге аса қуанышты, ыжағаттылықпен олар мектеп ауласына 15 астаушаны жасап іліп, күн сайын мектептен шыға салып, құстарға азық себуге асығады. «Құстарға арналған кафе» акциясына Instagram беттеріне бару арқылы мониторинг жүргізе отырып, 1 орынды - 3 «Б» сынып (сынып жетекшісі Ж. К. Мұхамеджанова), 2 орынды – 1 «А», 3 «А» сынып (сынып жетекшісі Б. Х. Еслямова), 3 орынды - 5 «Б» сынып (сынып жетекшісі К. А. Жақыпбекова) иеленді. Көп ұзамай тамшылап, көңілді құс хоры көктемнің келуі туралы хабар береді. Барлығы табиғаттағы суық, ызғарлы қатты қысты бастан кешкеніне қуанады. Ал, біз қанатты достарымызға көктемге дейін өмір сүруге көмектескенімізге өте қуаныштымыз!