Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Ауғанның отты жалыны»

2019 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығын, интернационалист жауынгерлерді еске алу күні атап өтіледі. Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің акт залында осы айтулы оқиғаға арналған іс-шара өтті. Шайқас аяқталады, ал тарихта мәңгіге қалады. 9 жыл, 1 ай және 19 күнге созылған жарияланбаған Ауған соғысы тарихқа кетті. Жүргізушілер балаларға Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан сарбаздарымыздың батырлығы туралы айтты. Оқушылар "Қара майор" фильмінен әйгілі полковник Борис Керімбаев туралы, Ауған-жауынгерлері А. Н. Танабаев, С.Н. Ефименко туралы білді, сол сияқты біздің жерлестеріміз : Кремениш Н.И., Шариппаев З.З., Дрыгач Н.В., Кондратеня П.В. туралы мағлұмат берді. Балалар Ауған әндерін тыңдай отырып, өз өмірін аямай Отан алдындағы борышын өтеген жас сарбаздардың батылдығы мен төзімділігіне сүйсіне бөленді. Соңында Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.