Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл – бұл біздің тарихымыздағы маңызды күн . 30 жыл бұрын соңғы кеңес жауынгері осы елдің аумағынан басын жоғары көтеріп, борышын орындаған сезімімен шықты.2019 жылдың 15 ақпанда интернационалист- жауынгерлер саябағында Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің 8-9 сынып оқушылары Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған митингіге қатысты. Ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, Ауғанстаннан оралмаған барлық сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әрбір жаңа ұрпақ Ауғанстанда шайқасқан жауынгерлердің ерлігін есте сақтап, олардың батылдығы мен әскери борышына адалдығы үшін терең ризашылық білдіруі тиіс. Біздің балалар ешқашан соғысты білмесін, аспанымыз бейбітшілікте болсын, жарқын күніміз әрдайым жарқырай берсін!