Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Жұлдызды дуэт»

Жастар жылы аясында "Облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар психоневрологиялық орталығы" КММ және "Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы" облыстық "Жұлдызды дуэт" балалар вокалдық байқауын өткізді. Вокалдық байқауда Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінен 9 "А" сынып оқушысы Айткулов Назымбек жіберіліп, ол әнкүй мұғалімі Жақыпбекова Күлпаш Абылхакқызымен дуэтте "Жаяу" әнін орындады. Қойылым жарқын және жарқырап тұрған ұшқын болып шырқалып, барлық залдағы отырғандар әннің ырғағына қол шапалақтап, біздің дуэтті қошаметтеп қолдады. Нәтижесінде «Вокалдық шығармашылық» номинациясы бойынша біздің «Жұлдызды дуэт» II дәрежелі Лауреат атанды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!