Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
И. А. Крыловтың мысалдары беттерінен

2019 жылдың 22 ақпаны күні Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің акт залында 5-9 сынып оқушылары үшін жазушының 250 жылдығына арналған " И. А. Крыловтың мысалдары беттерінен" атты мереке өтті. Мереке жүргізушісі Н. Урумбасарова (мектеп кітапханашысы) И. А. Крыловтың 200-ге жуық мысал жазғанын, қиын өмір жолы туралы әңгімеледі.

 

Оның әңгімелері ғасырдан ғасырға жетті, сонымен қатар олар көп ойлануға мәжбүр етеді. Оқырмандары әңгімеден мейірімділік, еңбек сүйгіштік, адалдық, борыш, достық, ар-ождан сияқты адамгершілік ұғымдарды түсінеді. "Театральная азбука" элективті курсының оқушылары (мұғалімі Л. А. Жұмабекова) "Квартет"әңгімесі бойынша көрініс дайындады. Скрипка, виолончель, контрабастың дыбыстарын сахналағанда өзгеше бір музыкалық үн құйылды. Ал 5 "Б" сынып оқушылары (мұғалімі К. А. Жақыпбекова) "Шегіртке мен құмырсқа " әңгімесінен көріністі заманауи түсініктемеде дайындады. Көңілді еңбек сүйгіш - "құмырсқалар" шегірткеге өз үйінде паналауға мейірімділік танытады. Іс-шара ары қарай ойын түрінде жалғасын тауып, "Жұмбақ жануарлар", "Сиқырлы сандықша" ойындарымен, жазушының шығармаларынан алынған афоризмдер, мақал-мәтелдерді шешумен жалғасты. Осындай іс-шаралар балалардың оқуға деген қызығушылығын оятады, өйткені оқу әр адамның өмірінде маңызды орын алады.