Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Көктемнің көркем мерекесі!»

Табиғаттың жаңаруы мен 8 наурыз мерекесінің қатар келуінде бір заңдылық бар сияқты. Әжелер мен аналар жарқыраған жайма шуақ көктем күнінің жер бетіне нұрын шашқанындай өз мейрімімен жанды жылытады, ал арулар нәзік гүлдей әсемдіктерімен жанды жадыратады.Мереке күні таңертеннен, мектептің кіре берісінен, көңілді әндер қойылып, мектептің ұлдары мен ерлері көркем мұғалімдер мен қыздарды қарсы алды. Бұл күні барлық мұғалімдерді, көктемгі көңіл-күй мен күлкі біріктірді! Мерейлі сәт мерекеге ұласып біздің мектепте 7 наурыз күні 5-9 сыныптарға арналған «Көктем сынғыры» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мектеп ұлдары қатысуымен дайындалған концерттік нөмірлер көңілді, музыкалық және шығармашылық болды. Іс-шара көздеген мақсатқа жетуін жиылған қауымнын көтерінкі көңілінен, жылы және мейірімді күлкілерінен білінді.Мерекелік бағдарламадан барлық көрермендер жағымды әсерде алды. Аяулы аналар мен құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын!