Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Жақсылық жаса»

Біздің мектептің оқушылары, ата-аналары мен педагогтары үшін "ЭКОboom" облыстық жобасының "Жақсылық жаса!" экологиялық акциясына қатысуы маңызды оқиға болды. Біз желтоқсан айынан бастап барлығымыз бірге пластикалық қақпақтарды жинадық, енді сенімдіміз, әрқайсымыз үлкен игі іске өз үлесімізді қосқанымызға! Өйткені, түскен қаражат ауыр науқас балаларға және басқа да көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жұмсалады. Акция нәтижесі бойынша мектепте 13654 дана, жалпы салмағы 33,8 кг қақпақ жиналып, кімнің қанша жинағаны бойынша орындар берілді: 1 орынды сыныптар арасында 3 "Б" сынып (сынып жетекшісі Ж. К. Мұхамеджанова) – 2079 қақпақ, 2 орынды – 6 "А" сынып (сынып жетекшісі Н. Қ.Тулегенова) – 1775 қақпақ, 3 орын-2 " Б "сынып (сынып жетекшісі Б. М. Жүндубаева) - 1116 қақпақ. Жақсылықты бөлісу - қиын емес.