Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Адам және ғарыш: 12 сәуір - Ғарышкерлер күні.

12 сәуір-Ғарышкерлер күні, адамның ғарышқа алғашқы ұшуын атап өтеді. Осыдан 58 жыл бұрын тарихта Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кеңістігіне алғашқы ұшқан адам болды. Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің кітапханасында осы атаулы күнге орай ғарыш туралы, қазақстандық ғарышкерлердің дамуы туралы "Адам және ғарыш"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровтың, Талғат Мұсабаевтың, Айдын Айымбетовтің ұшуына дайындықтың қиын жолы туралы біліп, кітап көрмесін үлкен қызығушылықпен қарап шықты. 2 " б " сынып оқушыларына (сынып жетекшісі Б. М. Жундубаева) ғарыш тақырыбына арналған ашық қолөнер бұйымдарды көріп, сол сияқты олар иллюстрациялар мен кітаптарды қызығушылықпен қарады. Мектеп кітапханашысы Н. Урумбасарованың көмегімен 5 Б сынып оқушылары (сынып жетекшісі К. А. Жақыпбекова) төмендегідей викторина сұрақтарына жауап берді: космодром дегеніміз не? Ғарышқа ұшатын ұшу аппараты қалай аталады? Жер бетінде жасалған көліктің ең жылдам түрі? Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады? Ғарыштан алғашқы оралған иттердің аты қалай және т.б.? Балаларды ғарыштың сиқырлы әлемі таң қалдырып, оларға көп жаңа әсер сыйлады.