Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Шеберлі қолдар"

Еңбекке баулу арнайы түзету мектебінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 8-19 сәуір күндері, еңбекке баулу және әлеуметтік үйренуге әдістемелік бірлестігінің аптасы өткізілді.Жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталды. 9 сәуір күні еңбек пәнінің мұғалімі М. Л. Давыдова "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау " пәні бойынша "Диеталық тамақтану" атты 9 "Б" сыныпта ашық сабақ өткізді. Оқушылар тағам түрлерімен танысып, диеталық тамақтану қағидаларымен, тұтыну диеталық өнімдерді пайдалануын слайд-презентация арқылы танысты. Тақырыпты бекіту кезеңінде, мұғалім оқушыларға схема арқылы мақалды құрастыруын ұсынды. Жұмыс қиын болса да, оқушылар тапсырманы орындап шықты. 10 сәуірде еңбек пәнінің мұғалімі, Қ. Қ. Сырымов 7 "Б" сыныбында "Құстарға үйшіктер мен жем салатын астаулар әзірлеу" атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар дайындау технологиясымен, ағаш өңдеу кезінде балға, дрель, шеге қолданғанда – техникалық қауіпсіздігін ұмытпағанын ескертті. Сабақтың басында, қызығушылықты молайту үшін , мұғалім мультфильмнен бейнеүзінді көрсетті.Сарамандық кезеңінде, оқушылар мұғалімнің көмегіне жүгеніп, жұмыстарын аяқтады.Соңынан мектеп ауласындағы ағаштарға үйшік пен жем астауын орнатты.

11 сәуір күні еңбек пәнінің мұғалімі М. С. Шегебаев 6 "А" сыныпта "Бұйымдарды бояу, әзірлеу жұмыстары" тақырып бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта ,айта кету керек, оқушылар үлкен белсенділік көрсете алды: түстерді айыру, табиғаттық құбылыстармен салыстыра біледі. Сазбалшықтан алдын ала жасалған бұйымдарды, бояп, әзірлеп үлгерді. 15 сәуір еңбек пәнінің мұғалімі Р. Т. Болтабаева " 7 - 9 "А" сыныптарында кәсіптік еңбек пәні бойынша "Оюды арнайы тігін машинада "зигзаг" тігісімен, және қол тігістерімен өңдеп әшекейлеу" атты ашық сабағын өткізді. Оқушылар оюлардың түр-түрін атап, қай жерде қолданатынын біледі.Трафарет арқылы кесіп, бір оқушы өрнекті мұғалімнің басшылығымен «зиг-заг» тігісімен машинада, ал қалғаны жұмысты қолмен өндірді. 16 сәуір күні Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі мен мұғалімдері шығармашылық " Шеберлі қолдар" шеберханасын 5-9 сынып оқушыларына арнады. Еңбекке баулу пәнінің мұғалімдері Болтабаева Р. Т., Давыдова М. Л., Сырымов Қ. Қ., Шегебаев М. С. өздерінің шағын шеберханаларын әр түрлі бағыттар бойынша ұсынды: тігін ісі, гүл өсіру, көркем еңбек, слесарлық іс. Оқушыларға қызықты тапсырмалар берілді, әр бір орындаған тапсырмаларын өздері талдап, көрермендерге айтып, көрсетіп бере алды. 18 сәуір күні біздің мектептің оқушылары мен ұстаздары жақсылыққа назар аудару, жақсылық жасаған адамдарға ризашылығын білдіру қажет екенін ескеріп, және «Әлемде мүмкіндіктер тең» атты жобаны іске асыру мақсатымен, қаламыздағы ММ ЖОБ «Зерде» мектебіндегі достарларымен кездесуде болды. Еңбекке баулу пәнінің қажеттілігін айтып, мұғалімдер еңбектерінің нәтижесімен таныстырып, фото, слайдтар арқылы оқушылар мен ұстаздар тамашалады. Оқушыларымыз қонаққа жәй бармай, көрме ұйымдастырып, ән мен би билеп, кабинеттерге арналған гүл егіп берді. Кездесу соңында, «Зерде» мектебінің оқушылары бізге ризашылық пен жылы лебіздерін білдіртті.