Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Жер Күні.

Жыл сайын көктемде ғаламшардың әр түрлі елдерінде екі рет әр түрлі мағыналы жүктемеге ие Халықаралық Жер күні — баршамызға белгілі мейрамды атап өтеді. Бірінші рет Жер күні 21 наурыз, ал екінші - 22 Сәуірде өткізіледі. Егер Наурыз мейрамы адамдарды бейбіт қатар өмір сүруге шақырса, 22 сәуір күнін мақсаты-қоршаған ортаны қорғау үшін ғаламшарымыздың барлық тұрғындарын біріктіру болып табылады. Осы мақсатта біздің мектеп оқушылары "ЭКО GROSS" акциясына "ЭКО boom"облыстық жобасына белсенді қатысты. Мектеп ұжымы және жоғары сынып оқушылары мектеп аумағына жас қарағай, жеміс ағаштары мен бұталар отырғызды. Осылайша, бұл игі іске өз үлестерін қосты.