Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Театр фестивалі.

Бүгін біз "Қазақстан халықтарының ертегілері"театралдық фестивалінде балалардың шығармашылық, талант пен күлкі мерекесіне 5-9 сынып әртістерін зор қуанышпен қарсы алдық. Фестиваль кезінде біздің мектеп театрға, ал оқушылар, ата - аналар мен педагогтар - әртістерге айналды. Бүгін көрермендер қазақ, орыс, неміс, өзбек ертегілерін көрді. Әрбір көрініс бірінен бірі өткен қызықты болды. Әр қойылымнан кейін "Браво! Жарайсыңдар!" деп ду қолшапалақпен қошаметтеді.

Қазылар алқасына жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау қаншалықты қиын болды десеңізші. Нәтижесінде 1 орынды 6 "Б" және 7 "Б" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Л. А. Жұмабекова), 2 орынды 5 "Б" сынып оқушылары (сынып жетекшісі К. А. Жақыпбекова), 3 орынды 5 "А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі С. А. Темирбулатова) иеленді. "Актерлік шеберлігі үшін" номинациясы бойынша 6 "А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Тулегенова Н. К.), "Қойылымның ерекшелігі үшін" - 8"Б" және 9"Б" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Сапаргалиева А.Т., М.Л. Давыдова), "жарқын бейнені жасағаны үшін"- 7" А "сынып оқушылары (сынып жетекшісі Р. Т. Болтабаева), "орындаушылық шеберлігі үшін "- 9"А" сынып оқушылары (сынып жетекшісі А. А. Сыздықова). "Қазақстан халқының ертегілері" театр фестивалі– бұл шығармашылық пен таным, қуаныш пен ынтымақтастық мерекесі; бұл балалар мен ересектер үшін ортақ мереке! Театр фестиваліне қатысқандары үшін ата-аналарға, мектептің барлық педагогтарына, тамаша декорациялар мен жарқын костюмдер үшін алғысымызды білдіреміз. Ал біздің балаларға шығармашылық табыс тілейміз!