Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Әскери-спорттық мереке

Біз 7 мамырды - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнін ерекше сезіммен атап өтеміз. Біз Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға абыроймен, құрметпен және қадір-қасиетпен қарайтын айбынды армиямызды мақтан тұтамыз. Мереке қарсаңында, біздің мектептің жоғары сынып оқушылары "Марш бросок" әскери-спорттық эстафетасына қатысып, онда "Снайперлер" және "танкистер" командалары кедергілер жолағын еңсеру, гранаталарды лақтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша өз іскерліктері мен шеберліктерін көрсетті. Жоғары сынып оқушылары өздерін нағыз жас жігіттер, өз отанының қорғаушылары ретінде сезінді. Эстафетаны аяқтағаннан кейін қатысушылар тәтті бәлішпен ыстық шәй ішіп, жарыстың әсерлерімен бөлісті