Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Оның мерекелік көз жасы

Біздің еліміз бен бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңген кеңес халқының және одақтастардың армиясының 74 жылдығының жақын қалғандығын күтуде. 8 мамыр күні біздің мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған митинг өтті. Митингіге Ленинградтық қоршауды өткізген Светличная Вера Константиновна шақырылды. Ол жау әскерлерінің қоршауында азық - түліксіз, жылусыз және тіпті сусыз қалған оның отбасы мен барлық ленинградтықтардың үлесіне түскен ауыр сынақтар туралы әңгімеледі. Оқушылар біздің қонағымыздың өмірінің ащы тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Балалар соғыс батырлары туралы өлеңдер оқып, соғыс жылдарындағы әндер айтты. Ұлы Отан соғысында фашистік басқыншылармен шайқасып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мектеп басшысы Джумагулова Ғалия Қайыркенқызы барлық адамдарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, аман қалған барлық ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, бәрімізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған кеңестік халықтың ерлігін еске сақтауға тілек білдірді.