Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Жеңіс үшін бірге»

13 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры – Елбасы "Жеңіс үшін бірге" кезекті ІІІ Паралимпиадалық жарысы өтті, оған еліміздің 10 өңірлік командасы қатысты. Павлодар облысының құрамасына біздің мектептің оқушылары да кірді: 7 "Б" сынып оқушысы Бурдужа Егор армрестлинг бойынша өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды (жаттықтырушысы Тасыбаев Д. А.), Вайсбекер Евгений – суда жүзу бойынша қатысып, (жаттықтырушысы Идрисова А. Е.) өте тырысты, бірақ жеңіске дейін жете алмады. Екібастұздық би жұбы Богдашин Сергей және Хлебнова Эвелина "арбаға арналған би" (хореограф Симонова Е. Н.) бойынша 1 орын алды. Олар хореография өнерінің сұлулығын, күрделі техникалық элементтерді көрсетіп қана қоймай, паралимпиадалық старттарды да безендірді. Жарыстың барлық түрлері қатар өтті, спортшылар құмарлықпен жарысып, жеңіске жетуді қалады, себебі әрбір спортшы өз жүрегінде чемпион! Балалар жарысты ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетіміздің астанасын көрді. ҚР Ұлттық кітапханасына барып, тэйквондо бойынша паралимпиадалық чемпион Айдарбеков Нысанбекпен кездесті. Біздің балалар Астанадан ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімімен қайтты ,себебі олардың жеңістерінің арқасында Павлодар облысы Күміс чемпион атанды!