Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Арнайы мектеп оқушыларын әлеуметтік құралы ретіндегі үйірме жұмысы"

2019 жылы 20 мамырда Екібастұз қаласының №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде "Арнайы мектеп оқушыларын әлеуметтік құралы ретіндегі үйірме жұмысы" атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына Павлодар облысының қала мектептерінің және интернаттық мекемелердің педагогтары қатысты. Семинардың пленарлық бөлімінде мектептің жұмыс жүйесі туралы мектеп басшысы Қ.Джумагулова айтып берді. Екібастұз аймағындағы инклюзивті оқыту жағдайы туралы Екібастұз қалалық ПМПК меңгерушісі Н. Куркенова баяндады. Мектептегі үйірмелердің жұмысымен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.В.Криворучко таныстырды.

 

"Театральная азбука" театр үйірмесінің жетекшісі Л. А. Жұмабекова өз жұмысы туралы хабарлама ұсынды. Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар әр түрлі бағыттағы мастер-класстар бойынша 8 үйірмеге қатысты. Семинар қорытындысы бойынша театр үйірмесінің қатысушылары орыс халқының "Гуси-лебеди"ертегісін көрсетті. Семинар қонақтарының айтуы бойынша, арнайы мектептегі үйірме жұмысы тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру құралы ретінде оқушылардың қоғамға тез бейімделуіне және олардың мүдделері мен жұмыспен қамтылу қабілетін дамытуға көмектеседі деп атап өтті. Семинарға қатысушылар оқушылар қолымен жасаған естелік кәдесыйлар алды.