Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Соңғы қоңырау»

Әрбір оқушы үшін, бұл күннің ерекше екені мәлім. Мектеп оқушылары соңғы қоңырау сыңғырымен жазғы демалысқа аттанады. Ал, 9 жылды артта қалдырған түлектер алтын ұясымен қоштасады. Біреулері мектепті бітіргеніне қуанышты болса , енді бірі білім нәрімен сусындатқан алтын ұясымен қимай қоштасуда. Осындай салтанатты кештердің бірі 25 мамыр күні №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде жаскен еді. Шара барысында , жас түліктер ұстаздарына деген алғыстарын әнмен, өлеңмен жеткізуге тырысты. Өз кезегінде ұстаздар қауымы шәкірттеріне ақжол тілеп ,алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтуге тілектерін білдірді. Салтанатты шара соңында бітіруші түлектер дәстүр бойынша мектеп ауласына шығып, түліктер аллеясына ағаш екті. Бүгінгі соңғы қоңырау салтанаты- көптің есінде қалатын айшықты мереке. Әсіресе, бітіруші түлектер үшін. Кешегі балауса балғындарымыз азамат болып, үлкен өмірге қадамдарын басты. Жолың болсың ,жас түлек!