Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Сәлем, жаз!»

Алақай! Жазғы демалыстар! 1 маусымда ұлдар мен қыздарға «Сергектік» жазғы мектеп алаңы есігін ашты. Күн сайын 1-5 сынып оқушылары ойын-сауық іс-шараларына, сайыстарға, шығармашылық шеберханаларға қатысады. Светофор Светофорович балаларды қонаққа келіп, балаларға көшелерді кесіп өту ережелерін еске түсірді. Балалар ойын түрінде жол ережелерін, жол белгілерін бекітті. «Шахтер» қалалық саябағында «Қуатты, батыл, шебер» спорттық ойын-сауық бағдарламасы болды, балалар көңілді ойындар ойнап, эстафеталардаң өтіп, түрлі кедергілерді жеңіп шықты. Балалар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған акцияға қуана-қуана қатысты. Жас патриоттар «ҚР Рәміздері - ұлттық мақтанышы» викторинасына қатысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы жақсы білімдерін көрсетті. Балалар қарақшы Джекпен бірге саяхат жасап, барлық тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. «Жасыбай» спорт кешенінің Һәуізіне бару - тағы бір ұмытылмас оқиға! Балалар суда асыр салып ойнады. Жазғы мектеп алаңының бірінші аптасы да аяқталды, бірақ бізді алда көптеген қызықты оқиғалар ойындар мен оқиғалар күтіп тұр!