Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Жұлдызды бал

 

2019 жылдың 11 маусымында біздің мектепте 9 сынып оқушыларына негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат тапсырылды.Залда жас түлектер, ата-аналар ,ұстаздар жиналып, мерекелік іс-шарамыз басталды.Мерекенің шарықтау шегі аттестаттарды салтанатты түрде ұсыну болды.Мектеп басшысы Г.К.Джумагулова  түлектерге аттестат тапсырып,  құттықтап,ата-аналарына,ұстаздарына алғыс сөздер айтты. Кеше ғана аяқтары дірілдеп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, негізгі мектепті бітіріп,қолға құжат алғалы отыр. Мерекелік іс-шара ата-аналардың  құттықтауымен және түлектердің алғыс сөздерімен аяқталды! 2019 жылдың 9 сынып оқушыларын негізгі орта мектепті бітіргенімен құттықтаймыз! Сіздерге ақ жол мен жеңістер тілейміз!