Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Жүректен жүрекке"

Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өз жұмысын бастады. Акция 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Акцияның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары, ата-анасынан айырылған балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде немесе әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау үшін көмек көрсету. Балалардың мектепке дайындалуына көмек көрсету акциясына Сіз де қатыса аласыз!

«Жүректен жүрекке» ұранымен жүргізіліп отырған жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясына қатысу үшін төмендегідей телефонға хабарласуыңызға болады: 776844

сілтеме