Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Отбасылық фотоколлаж

 

Жазда өткен демалыс туралы әсермен бөлісу мектеп оқушылары арасында жақсы дәстүрге айналды. Сондықтан отбасы күніне орай әр сынып «Менің жарқын жазым» атты отбасылық коллаж дайындады. Көптеген отбасылар керемет пейзаждар аясында отбасын бейнелейтін әдемі жерлерде болып қайтты. Біреулер ауылда әжесі мен атасына барса, басқалары отбасылық саяжайға барып демалып қайтты. Ал біреулер алыс және жақын шетел қалаларының көрікті жерлерін көріп қуанышты болды. Жаз ұмытылмас жақсы әсер қалдырды. Ең бастысы бүкіл отбасымен бірге!