Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Отбасылық денсаулық фестивалі

 

Отбасы күні-туыстарымызға көбірек көңіл бөлуге, саябақта балалармен серуендеуге, табиғат аясында демалуға, ата-анамызбен араласуға, ата-әжеміздің жағдайын сұрап баруға, отбасылық отырысқа жиналуға тамаша бір себеп. Біздің мектебімізде отбасы күнін ата-аналармен бірге атап өту жақсыбір дәстүрге айналған.Қыркүйектің 6 күні мектепте «Отбасылық денсаулық фестивалі» өтті. Мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге отбасылық жаттығу жасап, отбасы құндылықтары мен дәстүрлері туралы айттық.«Шахтёр» қалалық саябағында отбасылық кросс, ал мектеп алаңында «көңілді старт» жылжымалы ойындар, футбол және пионерболдан матч,асық ату және дойбы бойфнша турнир өткізілді.