Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Сынып ағашы»

 

2019 жылдың 6 қыркүйегінде Отбасы күніне орай мектепте «ЭКОboom» облыстық жобасын іске асыру аясында «Болашақ бақ» акциясы өтті. Әр сынып ата -аналарымен, ұстаздармен бірге өз «Сынып ағашын» отырғызды. Кайын, емен, шырша ағаштарын әрбір сынып өздері таңдады.

Акция нәтижесі ойдағыдай өтті: біздің мектептің аумағында жылдың кез келген уақытында әсем болып тұратын бақша пайда болды, ал бірлескен еңбек ата-аналарды, балаларды және педагогтарды етене жақындатты. Енді мектеп аумағы жасыл болып, ал балалар ата-аналарымен бірге отырғызған ағаштың қалай өсіп жатқанын көре алатын болды. Біз бірлесе отырып игі іс жасадық!