Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Тіл-ата-баба аманаты»

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Қыркүйек айында Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арнап мектебімізде қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.


Балалар мен мұғалімдер кітапханамызда өткен «Тіл-ата-баба аманаты» атты тақырыптық көрмеге қатысып, білімдерін тереңдетті.  Бастауыш сынып оқушылары мектеп алаңында денешынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған  «Тамаша» атты іс-шараға қатысты. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларды әлем халықтырының ұлттық ойындарымен таныстыру ,ойнату. Сәрсенбі күні бүкіл сыныптарда  Тіл мерекесіне арналған « Тіл –достықтың кепілі» сынып сағаттары өтті . Мектеп кітапханашысы  Н.К Урумбасарова  «Если дружат люди-дружат языки» атты эрудит –марафон мен« Родной язык-дружи со мной» викторинаны өткізді. Марафон барысында 6 «Б» сынып окушылары мен сынып жетекшісі қонақтармен қазақ , испан,неміс,орыс,ағылшын,француз тілдерінде амандасып, ұлттардың тұрмыс-салтымен таныстырып шықты. Қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері 6-9 сыныптар арасында «Ойнайық та, ойлайық» атты сайыс өткізді. Сайыста оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер айтып, туған тілдері туралы білімдерін толықтай алды. Тілдер мерекесіне арналған онкүндік іс-шараларымыз «Достық» үйде өткен « Бір үйдің баласындай» атты концерттік бағдарламасымен аяқталды. Түйіндей келе, бұл ұйымдастырылған шаралар мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!