Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Ұстаз – ұлағатты есім.

 

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 3-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» арналған №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде «Ұстаз -ұлағатты есім» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты мереке мектеп басшысы Г.К.Джумагулованың алғашқы сөзімен ашылды. Ол мерекеге келген ардагерлер ұстаздарды, мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, ұстаздық еңбектеріне үлкен үлес қосқан мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.  Ұстаздарымыздың құрметіне мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.Балалар өлең жолдарын оқып,қызықты көріністер қойып,ән шырқады. «Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз»,-демекші ардагерлер ұстаздарымызға мәңгілік құрмет белгісі ретінде мұғалімдердің вокалды тобы «Ұстазым» әнін шырқап,естелік сыйлықтар сыйлады. Мерекелік кешіміз өте керемет, көңілді толқында өтті.