Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Абайды оқы, таңырқа»

 

Абай мұрасы- бұл біздің үлкен қазынамыз. Абай шығармашылығы, қара сөздері, халық жадында мәңгілік өшпес мұра. Қазақ ақын ағартушысы, филосовы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары қалалық Абай атындағы ескерткішке барып, экскурсия жасап қайтты. Мектеп кітапханашысы Н. Қ. Урумбасарова және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. А. Жұмабекова балаларды Абайдың өмір кезеңдерімен таныстырды, ұлы ақынның шығармаларын талдады, "Қара сөздер" поэмалары мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалар Абай Құнанбаев ескерткіштерінің Будапешт, Мәскеу, Пекин, Каир, Ташкент, Тегеран және т.б. түрлі қалаларда орналасқандығын білді. Оқушылар Ұлы Ақынның естелігіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.