Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Күзгі қазынаны іздеу»

Ауа -райы әлі де сондай тамаша, демек нагыз саябаққа баратын күн! Бүгін біздің мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары «Күзгі қазынаны іздеу» аттты квестке қатысты. Жылдам , күшті, епті балалар маршрут картасын анықтағаннан кейін, бірнеше станцияны өтіп, әр -түрлі тапсырмаларды орындап, пазлдардың барлық фрагменттерін жинап, күзгі тағамдарды тапты. Таза ауадағы мереке жаркын, қанық, көңілді өтті.