Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы»

 

Отбасы- ол біздің әрқайсымыз үшін ең бастысы. Бүгін мектепте «Отбасы-тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы», тақырыбында педагогтар және ата-аналардың қатысуымен біріңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілер «Менің отбасым- менің мақтанышым», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы», «Отбасы-өмірдің сиқырлы символы», «Отбасы шағын мемлекет», «Үй шатырының астында» атты отбасылық іс-шаралар өткізіп, ата-аналар сөзжұмбақтарды шешіп, отбасы құндылықтарын айтты. Әр отбасы өзінің ерекшелігін көрсетуге тырысты. Мектеп фойесінде «Отбасылық альбомға көз саламыз» фотокөрмесі және «Біз бірге таланттымыз» отбасылық шығармашылық жұмыстарының көрмесі безендірілді. Барлығы бірге болғанда сондай керемет!