Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Ақ көгершін»

Міне биыл «Екібастұз»  балалар қоры 18 рет «Ақ көгершін»  облыстық шығармашылық фестиваліне  ең талантты қыздар мен ұлдарды  жинады. Бұл фестивальға мектебіміздің 87 оқушысы қатысып, 133 өнер көрсетті. Фестивальде әр қатысушы «Бейнелеу өнері», «Үздік жасампаз», «Отбасы бақытты сәттері»,  номинацияларына сай өз қабілеттерін көрсете алды. Бір қуантарлығы 8 а сынып оқушысы Хабенов Ислам мен 7 б сынып оқушысы Тимащук Андрей конкурста гран-при алды. 7 а сынып оқушысы Кивашов Ислам «Көрермен көзайымы»  сыйлығын алды.

 

 

Мектеп еншісінде басқада 28 марапат орындар бар: 1 орын-12 қатысушы, 2 орын-6 қатысушы, 3 орын -7 қатысушы. Барлық фестивальге қатысқан оқушылар «Екібастұз» балалар қорынан сыйлық алды. Сондай-ақ мектебіміздің оқушылары «Ақ көгершін» гала концертінде «Гусарь» биін биледі. Фестиваль өте анық, айқын, әдемі өтті. Әр оқушы өзінің қиялын, жасау және ойлау қабілеттілігін ашық көрсете білді. Балалар қорына улкен рахметімізді айтамыз!