Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Егер сен мейірімді болсан...

Қайырымдылық, мейірімділік сияқты қасиеттер біздің әрқайсымызға достар табуға, өзара жақсы қарым-қатынаста болуға, қайырымды іс-әрекеттер жасауға көмектеседі. Бастауыш сыныптар арасында «Егер сен мейірімді болсан....» деп атті көңілді іс-шара өтті. «Балалар, тату өмір сүрейік !» мультфилімін тамашалап оларға мысық Леопольдтың әні жақсы көңіл күй атмосферасын сыйлады. 3-4 сынып оқушылары достық, мейірімділік туралы өлеңдер айтты, «Мейірімді және зұлым» ойындарын ойнады, қайырымды істер жасаған ертегі кейіпкерлерін тапты. 5 а сынып оқушылары Асылжан мен Толғанайдың қойған көрістерінде оқушыларды әдептілік пен сыпайылыққа шақырады. Содан кейін балалар төрден орын алған «жақсылық ағашын» жақсы сөздермен жапырақтармен безендірді. Сөйтіп іс-шарамыз көңілді әнмен жақсы бимен аяқталды.