Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Гуманитарлық циклдің декадасы

11-22 қараша арлығында Екібастұз қаласындағы №19 арнайы жалпы білім беру мектебінде гуманитарлық циклдің декадасы өтті.Декаданың мақсаттары мұғалімдердің шеберліктерін арттыру,ашық сабақтар мен іс-шараларды өткізу,оқушыларды өздік шығармашылық жұмыстарына қатыстыру.Мұғалімдердің сабақтары жоғары әдістемелік деңгейде өтті.Сабақтардың құрлымы мен мазмұны дамыта оқыту принциптеріне сай болды. Мұғалімдер оқушыларға материалды жоғары деңгейде және женіл түрде түсіндіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданды.

Гуманитарлық циклдың мұғалімдері Н.Б.Галиева, Ш.Ж. Аралбаева , М.С.Ашкен , Л.А.Жумабекова және А.К.Жакиянова «Учимся играя» атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімі- төрт бөлімдердін тұрды .Олар: «Наша Родина –Казахстан», «Полиглот», «В гостях у Грамматики», «Сказочное Лукоморье».Мұғалімдер тапсырмаларды құрастыру барысында балалардың жас және жеке дара деңгейін еске алды. Бүкіл тапсырмалар тардымды да қазықты болды. Екінші бөлімде 6-7 сынып оқушылары «Кот, петух и лиса» ертегісі бойынша қуыршақтардың қатысуымен қойылым көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлердің ойынына қызыға назар аударды.Гуманитарлық циклдың мұғалімі А.А.Сыздыкова мектеп кітапханашы Н.К. Урумбасаровамен бірге «Абай –ұлы даланың дана ойшылы» атты әдеби-музыкалық сағат өткізді. Іс-шарада мектеп оқушылары Абай атамыздың өлеңдерін оқып, бастауыш сынып мұғалімі «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Кшіміздің қонақтары №25 қазақ мектеп гимназиясының оқушылары Абайдың әндерін орындап, әдемі би сыйлады. Декада балаларға, мұғалімдерге өз шеберлігін көрсетуге жақсы мүмкіндік берді.