Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Абай- ұлы даланың дана ойшылы».

Абай - мәңгілік тақырып. Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады.Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.

Гуманитарлық циклдың аптасы аясында мектебімізде Абай атамызға арналған «Абай ұлы даланың дана ойшылы» атты әдеби-музыкалық сағат өтті. Мектебіміздің оқушылары Абайдың «Қыс», «Күз» , «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», « Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін оқыды. Бастауыш сынып мұғалімі А.К.Лагбагарова Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. № 25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары біздің мектебімізге қонаққа келіп, өз өнерлерін көрсетті. Елубай Айым, Смаилова Айша мен Жасмин Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, бишілер тобы «Күншуақ» биін сыйлады. Әдеби - музыкалық кешіміздің соныңда балалар Абай атамызға арналған кітап көрмесін тамашалап, естелік суретке түсті.