Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»

Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық тәрбие сағаттары өтті. Осы күні «Ата Мұра» мәдениет орталығының өкілі Жомарт Кабдыкаримович Кабыкенов пен Шешембеков округі бойынша «Нұр Отан» партиясының алғашқы өкілі Мария Леонидовна Давыдова мектебімізге келіп, балалармен кездесу өткізді. Олар еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді нығайту ,дамыту жолында өз үлесін қосқаны туралы сөз сөйледі. Ж.К Кабыкенов қонагымыз кәде ретінді «Үшқоңыр» әнін орындады. Бірыңғай ашық тәрбие сағаты балалардың бойында өз Отанына, өз атамекеніне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін дамытуға, оң көзқарасын арттыруға септігін тигізді.