Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Дойбыдан турнир

9 желтоқсанда мектепте үстел ойындарын дәріптеу, мықты спортшыларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дойбы бойынша турнир өтті. Турнирге мектептің 3-9 сыныптарынан 32 оқушы қатысты. Спортшылар айналмалы жүйе бойынша ойнайтын кіші топтарға бөлінді, финал олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Нәтижесінде 1 орынды: Бурдужа Егор, Кәрібай Асылжан, Чупин Николай, Галимьянов Рамиль, Ярмолюк Зарина иеленді. 2 орын-Жаббар Арсен, Сагидолда Нұрсұлтан, Серікбай Сұлтан, Чуприн Дмитрий, Буховцева Регина. 3 орын-Кабанов Ислам, Сейтімбет Сұлтан, Аужанов Ерсары, Мацак Алина. Барлық қатысушыларды дайындаған №3 БЖСМ жаттықтырушысы Сарбасова Ұлбосын Ахметкалиевна. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатысқаны үшін грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Жарайсыңдар, балалар!