Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Жаңа жылдық ғажайып

 

Жаңа жыл-бұл сиқырға, мейірімге және ғажайып тылсымға толы ерекше мереке. 20 желтоқсанда Екібастұз қаласының № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушылары мен педагогтары "Богатырь Көмір"ЖШС біріккен жастар қозғалысы ұйымдастырған ең сүйікті және көптен күткен мерекелердің біріне шақырылды. Ал Аяз Ата мен Ақшақардың келуін балалар қатты күтті, өйткені басты сиқыршылар жаңа жылдық шыршаны жағып, хоровод жүргізді, би биледі өлеңдер тыңдады. Мектеп үшін басты тосын сый ретінде оңалту құрал-жабдықтарына 2000000 теңгеге сертификат табыс етілді. Ал балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар жаңа жылдық тосынсыйлардың бірегей және қайталанбас идеяларына толы болды! "Богатырь Көмір" ЖШС Бас директоры Корсаков Николай Николаевич бастаған Біріккен жастар қозғалысына ерекше алғыс білдіреміз. Керемет ғажайыптар мен ғажайып сиқырлары үшін мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың атынан Богатыр сиқыршыларына үлкен рахметімізді айтамыз!