Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Ауғанның отты жалыны»

15 ақпан күні 10 жылға созылған ауған соғысының жауынгерлерінің ерлігіне құрмет көрсете отырып, жауынгер-интернационалистерді еске алу күні болып саналады. Осыған орай "Ауғанның отты жалыны" атты ерлік сабағы өтті. Сабақтың құрметті қонағы Ауған соғысының ардагері, жауынгер-интернационалист Мусин Сайран Сабыржанұлы болды. Ол 1980 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында Булаево қаласына шақырылды. 1981 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың маусым айының соңына дейін 19 жасар бала 2 мұсылман батальонында 177 ООСП (арнайы мақсаттағы жеке жасақ) қызмет етті. Шара барысында соғыс туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ауған жауынгерлері бір минут үнсіздікпен еске алынды.