Орталық кітапханаға саяхат

Біздің мектеп оқушылары орталық қалалық кітапханаға саяхат жасады. Экскурсияның мақсаты «Әлем таныған Абай». Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған " Әлемге танылған Абай" атты көрме ұйымдастырылды. Оқушыларды кітап көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Калимова Базаркуль Айтимовна таныстырды. Балалар ұлы ақынның шығармашылығы, оның балалық шағы, оқу жылдары, оның шығармашылық жолы туралы көп мағлұмат алды. Одан әрі балалар қалалық кітапхананың мәжіліс залына шақырылды, онда Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері «Қауіпті, пайдалы интернет бәрімізге белгілі» атты адвайзер-сабақ өткізді. Балалар көп әсер алды!Қалалық кітапхана ұжымына тілектестік пен қонақжайлылық үшін алғысымызды білдіреміз! Кітапханаға жақсы оқырмандардың көп келуін тілейміз!