"Ықылас пейіл, ай құшақ"

1 наурыз-барлық қазақстандықтардың достығының, мейірімділігінің жарқын мерекесі. Сондықтан да мереке қарсаңында біздің мектепте Мейірімділік пен түсінушілік ерекше орын алды. Себебі мектебімізге "Ықылас пейіл, ай құшақ" атты мерекелік концертпен "Атамұра"ұлттық мәдени орталығынан қонақтар келді. Мереке жүргізушілері Гүлмайра Тлеубаева мен Ербол Ахаев мектеп ұжымын, оқушыларды осындай тамаша мерекемен құттықтады. Ән айтқан Турсынбаева Адина, Тлеубаева Гульмайра, Ахаева Ербол, Хуанганқызы Гүлсім және т. б. "Жұлдыз" вокалдық тобы "Атамұра" әнімен қуантты, ал мектеп оқушылары мерекелік шашумен келген қонақтарды қуана қарсы алды. Алғыс айту күні баршаңызға жылылық, мейірімділік, әрбір отбасына молшылық, бейбітшілік пен еліміздің өркендеуіне тілектеспіз!