Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Көктемнің ең жақсы күні»

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында мұғалімдер, ата-аналар мен бастауыш сынып оқушылары мектептің акт залына мерекелік кешке жиналды. Оқушылар өздерінің аналарыңа деген терең сүйіспеншілік, құрмет, ризашылықтарын өлеңдер, əндер, билері арқылы білдіруге тырысты. Бұл кеште жүргізушілік міндетті өз мойындарына сүйкімді Ұлжанай мен жомарт Николай алды. Кеш соңында оқушылар аналарына өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын тарту етті.