Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
"Наурыз-көктем мерекесі"

 

"Наурыз-көктем мерекесі" атты республикалық қашықтықтағы сурет байқауына қатысқан жас суретшілерді құттықтаймыз. Балалар конкурсқа шығармашылықпен қарады. Бояулар, фломастерлер, қарындаштар арқылы олар өте жарқын және әсем суреттерді салды. Өз жұмыстарында балалар Наурыздың дәстүрлі мерекелерін, табиғаттың көктемгі өзгерістерін көрсетті. Сонымен қатар мектеп қоржынында 1 орын иеленген 10 қатысушы: Галимьянов Рамиль 3б сынып, Чуприн Дмитрий 3б сынып, Аужанов Ерсары 3б сынып, Кошкарбай Гүлдерай 3а сынып, Трауд Кирилл 4В сынып, Кайыргалиев Әділет 5А сынып, Кәрібай Асылжан 6А сынып, Жаббар Арсен 8а сынып, Куандыков Тамерлан 9б сынып. 2 орын-2 қатысушы: Ниязбек Аялым 1А сынып, Сидорова Нелли 3б сынып және 8Б сынып оқушысы Маратов Дамир грамотамен марапатталды. Жарайсыңдар, балалар!Сайыс жеңімпаздарын дайындаған мектебіміздің ұстаздары Шегебаев Мурат Салыковичқа, Каримова Галина Сергеевнаға, Жундубаева Ботагоз Мукарамовнаға, Лакбагарова Айнагуль Калиевнаға, Актасова Айслу Абаевнаға шексіз алғысымызды білдіреміз!