Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Жеңіс түстері»

Биыл біздің еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді. Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін құрбан болған батырларды мәңгілік есте сақтаймыз. Бұл естелік кітап беттерінде, әндер мен фильмдерде, фотосуреттер мен көркем кенептерде тұрады. Мектеп оқушылары да "Краски Победы"республикалық қашықтық суреттер байқауына қатысып, Ұлы Жеңіс мерекесіне өз үлестерін қосты. Өз суреттерінде соғыс пен бейбітшілікті, жауынгерлік шайқасты, жеңіс символын, атаның немересімен әңгімесін бейнеледі. Нәтижесінде 1 орынға ие болғандар: Қайырғалиев Әділет 5а, Кәрібай Асылжан 6а, Кивашов Ислам 7а, Хабенов Ислам 8а және 3 орынға ие болған Ашимов Арман 8 а сынып оқушысы. Оқушыларды осы конкурсқа дайындаған Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Шегебаев Мурат Салыковичқа рахмет! Құттықтаймыз!!!