Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
«Өркен»

Қарағанды қаласының балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер "Өркен" VI республикалық байқауының ІІ турының жеңімпаздарын құттықтаймыз! "Графика" номинациясы бойынша "Сүйікті кейіпкерлер ізімен" атты байқау тақырыбында 1 орынды  7а сынып оқушысы Сағидолда Нұрсұлтан, 2 орынды 7а сынып оқушысы Кивашов Ислам (жетекшісі Шегебаев М. С.) иеленді. "Сәндік-қолданбалы өнер" номинациясы бойынша "Менің таңғажайып әлемім" атты байқау тақырыбы бойынша 3 орынды 8а сынып оқушылары Сырман Нұрай және Бақытхан Нұржан (жетекшісі Болтабаева Р. Т.) иеленді. Жарайсыңдар балалар! Жеңістеріңмен  құттықтаймыз.Сіздерге  шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз.